МКҚК "Алтын кілт" бөбекжай балабақшасы
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Мұқыр ауылы
Ғ.Сланов көшесі - 10.
МКҚК "Алтын кілт" бөбекжай бақшасы
байланыс телефоны: 8 /71238/ 61543
электронды поштасы: mukur_detsad@mail.ru
"Алтын кілт" бөбекжай бақшасының меңгерушісі Сарсенгалиева Сафура
Құрметті ата-аналар, балабақша қойылу кезегін төмендегі сілтемеге өту арқылы біле аласыздар. http://garden.kyzylkoga.atyrau.gov.kz/kz/
Сафура Жолдасқызы басқарып отырған бірлігі жарасқан ұжымда қазіргі таңда 4 топ жұмыс жасап, ол топтарда 90 бала тәрбиеленуде. Ұжымда жандары жайсаң, жүректерінен мейірім шуағын шашқан 30-дан астам педагогтар мен қызметкерлер бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие беру жолында тынымсыз еңбек етуде.
"Алтын кілт" бөбекжай бақшасына 30 жыл (1988-2018 ж.ж.)
«Алтын кілт» бөбекжай бақшасы үшін биылғы жыл ерекше болды. Бүгінгі күнге дейін қаншама ұл – қызды түлетіп ұшырған бүлдіршіндер ұясына биылғы жылы 30 жыл толып,30 жылдық тарихы бар тәрбие ордасының ұжымы өзінің мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. «Өткеніміз – өнеге, күткеніміз - келешек» дегендей, 30 жыл бойы жас ұрпақтың жүрегіне ыстық сағыныш ұялатып, білім мен тәрбие нұрын таратумен келе жатқан білім ұясының іргесі, 1988 жылы типтік жобамен Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорын «Алтын кілт» балалар бақшасы деген атаумен,90орындық 4 топ болып ашылды.Сол 1988 -1993 жылдар аралығында меңгеруші болып Ескалиева Райса, 1993 -2003 жылдарда Исамберлиева Нәсіп қызмет атқарса, 2003жылдан бүгінгі күнге дейін Сарсенгалиева Сафура Жолдасқызы меңгеруші қызметін абыроймен атқарып келеді.
«Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасы осы уақыт аралығында мыңдаған баланы тәрбиелеп шығарды. Олар бүгінде қала, облыс, тіпті, елімізді көркейтуге өз үлестерін қосып жүр.
Бүгінгі таңда балабақша жаңа қызметкерлермен толығып, өз қызметін әрі қарай жалғастыруда. Қазір де киелі тәрбие ордасында 4 топ жұмыс жасайды,90 бала тәрбиеленуде. Ұжымда 30-дан астам қызметкер еңбек етеді.
«Алтын кілт» бөбекжай бақшасының әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншіліктен қаланған.Ұзақ жылдар жасағандығына қарамастан, балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында, бақшамыз жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп, жасара түсуде. 30 жылдық мерейтойың құтты болсын!
Балабақшада 4 топта 90 бала тәрбиеленуде.
Екі І кіші топта аптасына төрт білім беру саласы бойынша 9 ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізіледі. Оқу қызметінің ұзақтығы 7-15 минут.
ІІ кіші «Шаңырақ» тобында бес білім саласы бойынша 11 және 1 вариативті компонентпен қоса 12 сағат ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізіледі. Оқу қызметінің ұзақтығы – 7-15 минут. Вариативті компонентке 0,5 сағат «Кел билейік», 0,5 сағат «Ертегілер елінде» алынған.
Ортаңғы «Алтын сақа» тобында бес білім саласы бойынша 12 және 2 вариативті компонентпен қоса 14 сағат ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізіледі. Вариативті компонентке 1 сағат «Кел билейік», 1 сағат «Кішкентай суретшілер» алынған. Оқу қызметінің ұзақтығы 15-20 минут